Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

18°C

, Жұма, 10 мамыр, 00:37

Қазақтың қазыналы құндылықтары дәріптелді

22.03.2024

256

0

Ұлыстың ұлы күнінде аудан тұрғындарына арналған дәстүрлі дастархан жайылды. Берекелі дастарханға асылған ет, шұбат, қымыз, бауырсақ, жент, наурыз көже, құрткөже сынды 20 түрлі тағам түрлері қойылды.

Тұрғындарға Қазақ халқы ер жігіттің өмірімен байланыстырған жеті қазынаның маңызы түсіндіріліп, жүйрік ат, құмай тазы, берен мылтық, қандыауыз қақпан, майланғыш ау, өткір кездікті сынды түрлері көрмеден орын тапты.

Көненің көзіндей болған асыл әжелеріміз ұршық иіріп, тоқыма тоқып, айналасын әсем әнге бөледі. Кереметі кимешекпен келіскен жандар тұрмыста қолданылған көне жәдігерлерді жандарына жайғастырған.

Бүгін балалар асық атып, ләңгі теуіп, бестас ойнап жарысты. Ұлттық құндылықтарымызды ұрпаққа ұлықтаған «Жеті қазына» көрмесі көрерменнің көңілінде дәстүрлі сипат алды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: