Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Жұма, 15 қараша, 06:29

ҚР Парламенті мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Әбенов аудан тынысымен танысты

05.07.2024

207

0

ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Әбенов Мұрат Жалағаш ауданында іс-сапар болып, Жалағаш кентіндегі денешынықтыру және спорт кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Денешынықтыру және спорт кешенінің құрылыс жұмыстарына «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Республикалық бюджеттен тиісті қаражат бөлінді. Жалағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің тапсырысы негізінде «SCS-Инжиниринг» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізді.

Құрылыс нысанының қазіргі таңда негізгі жұмыстары аяқталған. Дегенмен, мердігер мекемеге ескертпелерге сәйкес қалпына келтіруді қажет ететін тұстарды қайта жаңарту қажеттігі тапсырылған. Бүгінгі күнге дейін құрылыс жұмыстары кешеуілдеген спорт кешені жақын арада пайдалануға берілетін болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: