Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Дүйсенбі, 17 наурыз, 12:21

«Шаңырақ» күніне орай ұлттық салт-дәстүрлер фестивалі өтті

16.03.2025

57

0

Ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрлерімізді кеңінен насихаттап, дәріптеуді мақсат еткен «Көне дәстүр күмбезі» атты ұлттық дәстүрлер фестивалі бүгін Аққыр ауылдық округінде өтті. Фестиваль аясында Аққыр, Мақпалкөл, Жаңаталап ауылдық клубының өнерпаздары «Бастаңғы» салт-дәстүрін насихаттап, көріністерін арқау етіп, әннен шашу шашты.

Ата-бабамыздан қалған салт-дәстүр мен ырым-тыйымдардың қай-қайсысын алып қарасақ та айтар ойы салмақты, мағынасы терең. Осындай мағыналы, мән-маңызы зор салт-дәстүрімізді ұсынған өнерпаздар көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Шара соңында ауылдың абыз ақсақалы Үсен Шандыбаев «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын» деп ақ батасын берді.

«ЖЖ» ақпарат

.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: