Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуын тежейтін қоғам дерті. Сондықтан онымен күресте қарап қалуға тағы болмайды, тіпті оған қарсы шаралар толастамауы тиіс.
Жалпы Қазақстан тәуелсіздік алғалысыбайлас жемқорлықпен күрес шараларын жүйелі жүзеге асыруда. Соңғы жылдары елімізде оған қарсы шаралар күшейтілді. Бұлай болуы да орынды, өйткені қай салада сыбайлас жемқорлық көрініс тапса, міндеттітүрде ол сала құрдымға кетеді. Сондықтан елімізде барлық салада оның орын алуына жол бермеуіміз керек.
Біз осы ретте ұрпақ тәрбиесіне басымдық беруіміз керек. Алдымен өзіміздің бойымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыра отырып, балаларымызды, жалпы өскелең ұрпақтың оған бой алдырмауына жұмыс жасағанымыз дұрыс. Мемлекеттің болашағы бүгінгі жастардың қолында десек, осы бағыттағы жұмыстарға жүрдім-бардым қарамағанымыз дұрыс.
Мадина ТҰРСЫНБАЕВА,
Жалағаш аудандық қазынашылық
басқармасының бас маман-бас қазынашысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!