Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Сейсенбі, 09 желтоқсан, 18:45

Жіті респираторлы вирустық инфекция (ЖРВИ) және тұмау ауруының алдын алу

09.12.2025

5

0

ЖРВИ және тұмау – кез келген адамның өмірінде кездесетін ауру. Кейбір адамдар бұл аурудың  қауіптілігін елемейді, «құс» және «шошқа» тұмауынан үрейленгенде ЖРВИ мен тұмаудың әлдеқайда қауіпті сырқат екендігін ұмытып кетеді.                                                                                                     Тұмау – бұл тыныс алу жүйесін зақымдайтын жедел вирустық ауру. Тұмау – жедел респираторлы аурулардың, дәлірек айтсақ, ЖРВИ – жедел респираторлық вирустық инфекциялардың санатына кіреді. Тұмау иммунитеттің әлсіреуі мен салқын тиюден пайда болмайды, оған ерекше вирус – тұмау вирусы себепкер болып табылады. Оның ерекшелігі өзгергіштігімен сипатталады. Медицинада сипатталған тұмаудың үш түрі (А, В және С) кезектесуімен қатар, олар өз құрылымын өзгерте алады. Сондықтан жыл сайын індет кезінде біздің иммундық жүйе жаңа микроорганизмдермен кездеседі және бұл олармен күресуді қиындатады. Тұмаудың жұқтыру көзі ауру адам және тек сирек жағдайларда ғана шошқалар мен құстар сияқты кейбір жануарлар болып табылады. Тұмау ауа – тамшы жолдары арқылы жұғады. Өкінішке орай, тұмау вирусы тұрақты және сыртқы ортада бірнеше сағат бойы өз белсенділігін сақтай алады. Вирус жұққан тұрмыстық заттардың қасынан өтіп бара жатып немесе оларды пайдалана отырып, біз еріксіз, адамның тыныс алу жүйесіне түсуі мүмкін зарарлы бөлшектерді ауаға қайта көтереміз. Бұл тұмаудың ауа – шаң жолымен жұғуының көрінісі.          Тұмаудың алдын алу пайда болған ауруды емдеуге қарағанда әлдеқайда тиімдірек. Тұмаудың алдын алуға бағытталған шараларды жыл бойы сақтаған жөн: дұрыс тамақтану, шынығу иммунитетті арттырып, тұмауға қарсы тұрудың оңтайлы амалдары. Вакциналау – тұмаудың алдын алудың негізгі медициналық әдісі. Вакцинаны індет басталғанға дейін 1 – 3 ай бұрын егеді. Маска тағып жүру вирустың тыныс алу жолдарына түсуіне кедергі тудырады. Полидәрумендер мен С дәруменін қабылдау керек. Ауыз қуысындағы микроорганизмдердің санын азайту үшін сарымсақты күнделікті пайдалану қажет.                                                                                    Мұрынды шаю – әсіресе жұмыстан, мектептен, қоғамдық көліктерден шыққаннан кейін мұрынды жуып-шаю өте маңызды. Індет кезінде адамдар көп шоғырланатын жерлерден аулақ болу. Үйді үнемі ылғалды тазалап отыру қажет. Тұмау – ауыр және қауіпті дерт. Алайда, күз бен қыс мезгілдерінің басталуынан қорқып, үрейленбеңіздер: салауатты өмір салты тұмаудың алдын алуға көмектеседі. Дендеріңіз сау болсын!

Жалағаш аудандық санитариялық-                                   Г. Аймбетова

эпидемиологиялық бақылау

басқармасы басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: