Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Сәрсенбі, 11 желтоқсан, 19:42

«Сыр жастары»: 471 қызылордалықтың құжаты қабылданды

16.11.2023

339

0

«AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау бойынша аймақтық кеңестің кезекті отырысы өтті. 

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы «Жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс» бөлімінің басшысы Нұркен Мықбасов облыс жастарын тұрғын үймен қамту мәселесін баяндады. 

Белгіленген заңдылықтарға сәйкес әкімдік пен «Отбасы банк» АҚ арасында екіжакты келісім шарт жасалып, шілде айнда 1,2 млн. тенге қаржы «Отбасы банк» АҚ есепшотына аударылған. Бағдарламаға қатысу үшін құжат қабылдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, құжаттарды  электронды цифрлық қолтаңба арқылы қабылдап, кіріктірілген базалар арқылы құжаттар дұрыстығын тексеру, автоматты түрде жолдама беру ушін бюджеттен қосымша 5,8 млн. тенге каржы қаралды. 

«Бұл қаржыға «Жастар» ақпараттык сервисі құрылды. Құжат қабылдау 12-26 қазан аралығында ұйымдастырылып, конкурска 789 жастан өтінім түсті. Оның ішінде 471 адамның құжаты қабылданды. Ендігі кезекте 25 қарашаға дейін баллы жоғары 100 үміткерге «Отбасы банк» АК КОФ-нан төлем қабілетін растаудан өту үшін жолдама беріледі. Жыл соңына дейін 100 жас отбасы баспаналы болады деп жоспарлануда», – деді Нұркен Мықбасов.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Zhas project» жобасының Қызылорда облысы бойынша тәлімгері Әкімбек Әлібек жұмыс барысына тоқталды. 

«Zhas project» жобасына 278 жас  өтінім білдіріп, 98-і екінші турға өткен. Арнайы құрылған комиссия алдында 42 жас өз жобаларын қорғап, оның ішінде 14 жас 1 млн.теңге қайтарымсыз грантын жеңіп алды. Жоба аясында 2024 жылдың қаңтар айында тағыда 14 жастың жобасын қаржыландыру көзделген», – дейді бөлім басшысы. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: