Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Сенбі, 07 желтоқсан, 16:37

Ынтымағы жарасқан Жалағаш ауданы

21.03.2024

434

0

Бүгін «Наурызнама» онкүндігі аясында 21 наурыз – «Ынтамақ күні» болып жарияланды.

Ынтымақ күнінде аудан әкімі Ардақ Ибраимов Мәдениет ауылдық округінде өткен Әз-Наурыз салтанатты шарасына қатысып, Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

Сонымен қатар, ауыл ардагерлеріне облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының алғыс хатын табыстап, мерекелік құттықтауын жеткізді.

Мерекелік шарада, ауыл өнерпаздары көрермендерге ән мен жырдан сыбаға таратып, тұрғындарға наурыз көже ұсынылды.

Сондай-ақ, күн мен түннің теңелер шағында көзі қарақты көрермен ауылдың талантты қол өнер шеберлерінің көрмесі мен ұлттық спорт түрлерінен өткен сайысты тамашалады.

Бүгін Әз-Наурыз мейрамы барлық ауылдық округтерде салтанат құруда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: