Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Сейсенбі, 11 ақпан, 07:22

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар сотталды

16.01.2025

132

0

Астана қаласының тұрғыны М. Талғатова мен Қызылордалық Т.Бурикулова есімді азаматшалар 2023 жылдың маусым айынан, 2024 жылдың тамыз айы аралығында адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған. Ойын бизнесін «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «@make_madikow» парақшасы арқылы лицензиясыз жүзеге асырылып, нәтижесінде 27 473 328 теңге аса іpi мөлшерде табыс тауып келген.

Сот үкімімен М.Талғатова мен Т.Бурикулова Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 307-бабының 3-бөлігінің 2) тармағының талабына сәйкес кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге шартты түрде сотталған.

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті

@afm_rk

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: