Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Сәрсенбі, 16 қазан, 09:28

Запастағы сержанттар мен сарбаздар әскери қызметке шақырылып жатыр

27.06.2022

249

0

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 ақпандағы №88 қаулысына және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының 32-бабына сәйкес 2 жылға әскерге шақыруға:

  • Медициналық мамандықтар (жалпы дәрігерлік тәжірибе);
  • Мотоатқыштар әскері;
  • Қаржылық қамтамасыз ету;
  • Психологиялық жұмысты ұйымдастыру;
  • Азық-түлікпен қамтамасыз ету;
  • Артиллериялық әскерлер мамандықтар бойынша 29 жасқа дейінгі запастағы офицерлер мен 32 жасқа дейінгі медициналық қызметтің запастағы офицерлерін әскери қызмет өткеруге іріктеу жұмыстары жүргізілуде.

Осыған байланысты жоғарыда көрсетілген мамандығы бар запастағы офицерлер Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына (горвоенкомат), Қазантаев көшесі №19 үй, №118 кабинетке, тел: 26 42 50 хабарласуларыңызға болады.

Әлеуметтік кепілдіктер:

  • Медициналық мекемелерде медициналық қамтамасыз ету мемлекет есебінен жүзеге асырылады;
  • Киім-кешек мүлігімен жабдықтау нормалары;
  • Тұрғын үйді жалға алғаны үшін кепілді өтемақы;
  • Офицерлердің ақшалай үлесі;
  • Көтерме жәрдемақы, үстеме және басқа да әлеуметтік кепілдіктер қарастырылған.

Запастағы сержанттар мен сарбаздарды келісімшарт бойынша

әскери қызметке шақырамыз!

  1. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілер ақшалай жалақымен қамтамасыз етілген

(лауазымына, әскери шеніне және еңбек сіңірген жылдарына байланысты). 

  • Келісімшарт бойынша әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелерін әскери медициналық мекемелерде медициналық қамтамасыз ету мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
  • Мемлекет есебінен белгіленген нормаға сәйкес, заттай мүлікпен (киім үлгісі) қамтамасыз етіледі.
  • Тұрғын үйді жалға алу қаражаты кепілді түрде төленеді.
  • Кезекшілікті атқарған кезде, далалық шығуларда, ұшуларды дайындау және орындау кезінде, әскери эшелондарға ілесіп жүру кезінде стационарлық емделуде болған кезде, т.б. белгіленген нормалар бойынша тамақтанумен қамтамасыз етіледі.
  • Жыл сайынғы негізгі демалыстары, демалыстың ұзақтығы еңбек сіңірген жылдарына байланысты белгіленеді.
  • Еңбек өтілі бойынша зейнетке шығу.

Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданатын

 азаматтарға қойылатын талаптар:

– Қазақстан Республикасы азаматтығына ие болуға;

– Он сегізден отыз екі жас және алты айға дейін;

– Әскери лауазымына сәйкес әскери есептік-мамандығы болуға;

– Мерзімді әскери қызметті өткерген не жоғары оқу орындарының әскери кафедрасынан оқудан өткен, Қорғаныс министрлігінің әскери оқытылған резервті даярлау бойынша  мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өтеулі негізде өткен болуға тиіс.

Өзін әскери қызмет өміріне арнауға ниет білдірген азаматтар Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына (горвоенкомат), Қазантаев көшесі 19 үй, № 118 кабинетке, тел 26-42-50 хабарласуларыңызға болады

Қызылорда қаласы тұрғындарының назарына!

Құрметті қызылордалықтар

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны «Әскери-техникалық мектебі» Қызылорда филиалы базасында өтеулі негізде әскери-техникалық мамандығы (атқыш) бойынша оқуға шақырады.

  • Жасы 24-27 жас аралығы бойынша әскерге шақырушылар;
  • 27-30 жасқа дейінгі аралықтағы запастағы әскери міндеттілер.
  •  Қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған;
  • Білімі жоғары, арнаулы-орта, орта;
  • Оқу өтеулі негізде 263 318 теңге төлейді (банктің қызмет көрсету құнын есептемегенде);
  •   Оқу мерзімі 40 күн.

Оқу аяқталғаннан кейін әрбір азаматқа әскери мамандық алғаны жөнінде сертификат беріледі.

     Ниет білдірген азаматтар Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына, Қазантаев көшесі 19 үй, № 118 кабинет,  26-42-50,87776803458 телефондары арқылы хабарласуларыңызға болады

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: