Жаңаталап ауылдық округінде бүгін маңызды саяси науқан өтуде. №141 сайлау учаскесінде таңғы сағат 7:00-де Мемлекеттік Әнұран шырқалып, дауыс беру рәсімі басталды. Таңмен таласа келген тұрғындардың қарасы қалың. Сайлаушылар өздерінің азаматтық белсенділігін танытып, елдің болашағына қатысты маңызды таңдау жасауға асығуда. Учаскеде дауыс берушілерге барлық қажетті жағдай жасалған. Алғашқы сағаттардың өзінде-ақ сайлаушылардың белсенділігі жоғары екені байқалады.
Жаңаталапта әкім сайлауы басталды
21.06.2026
125
0
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!