Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Сәрсенбі, 17 сәуiр, 11:47

Жапонияда зымыран тасығыш жарылды

14.07.2023

237

0

Жапондық аэроғарыштық зерттеулер агенттігі (JAXA) әзірлеген жапондық «Epsilon S» зымыран тасығышы бүгін сынақ кезінде жарылып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Kyodo сайтына сілтеме жасап.

Зымыран тасығыш іске қосылып, көкке көтеріле бастаған сәтте жарылған.

Мәлім болғандай, аталған сынақты өткізген «Noshiro Testing Center» қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шекпеген.

«Epsilon S» – бұл JAXA әзірлеген ғарыш-спутниктік «Epsilon» зымыранының жетілдірілген нұсқасы.

Осы типтегі алғашқы ракета 2013 жылы ұшырылған еді. Былтыр көкке көтерілген «Epsilon-6» жоспарланған траекториядан ауытқып, кейін ол жасанды жарылыс арқылы жойылған.

Жапонияның аэроғарыштық зерттеулер агенттігі «Epsilon S» зымыранын ұшыруды келер жылға шегерді. Өйткені онда да Epsilon-6 сияқты жанармай багы қолданылады.

Негізінен «Epsilon» сериялы зымырандары қатты отынды пайдаланады. Сондықтан оның сұйық отынмен жұмыс істейтін ракеталарға қарағанда ұшуға дайындалу процесі күрделі емес.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: