Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Сәрсенбі, 13 қараша, 09:43

Жарқын жобалар жемісі

22.07.2024

104

0

Өткен апта да ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов ауданның тыныс-тіршілігімен танысу үшін жұмыс сапарымен келді. Іс-сапар барысында халық қалаулылары ең алдымен қоғамдық тәртіпті күшейтудің өзекті мәселелері бойынша мәжіліс отырысына қатысты.

Мәжіліс отырысында құқық бұ­зу­шылыққа итермелейтін себептер мен жағдайларды анықтау, ар­наулы әлеуметтік қызметтерге мұқ­таж адам­­­дарды әлеуметтік бейімдеу, құқық бұзушылық профи­лак­тикасы су­­­бъек­тілерінің қыз­метін үйлестіру, аза­­маттардың құ­қықтық мә­дение­ті­нің деңгейін арттыру мақ­са­тындағы жұ­­­мыстар талқы­ланды.
Сондай-ақ халық қалаулы­ла­ры­мен еркін пікір алмасулар болып, жа­ңа­дан қабылданған заңдардың іс жүзінде тиімді тұстары ай­тылды. Аудан бойынша 6 айдың қоры­­тын­дысымен орын алған қыл­мыстар 57-ден 60-қа немесе 5,3 пайыз­ға өсім алып отыр. Өсім алған қыл­мыс­тардың ішінде ауыр санат­тағы қыл­мыстар 12-ден 23-ке немесе 91,7 пайызды құрады. Ал ұрлық қыл­мыстары 19-дан 16-ға, орта санат­тағы қыл­мыстар 20-дан 13-ке, теріс қылықтар 18-ден 11-ге төмендеген. Тіркелген қылмыстар ішінде алаяқ­тық қыл­мыс­тар өткен жыл­мен салыс­тыр­­ғанда 3-тен 7-ге, яғни 133,3 пайыз­ға өскен. Ашы­лу көр­сеткіші өткен жыл­мен салыстырғанда 50 пайыз­дан 89,3 пайызға артқан. Ау­дан­дық полиция бөлімі қыл­мыс­тарды болдырмау және оның алдын алу бағытында тиіс­ті профи­лак­тика­лық шараларды атқарып келеді.
Айта кетейік, аудан бойынша 2 елді мекенде соңғы 3 жыл көлемінде қылмыс мүлдем тіркелмеген.
Мұнан кейін халық қалаулылары ауданымызға жасаған жұмыс сапары аясында елді мекендерді газ­дандыру жобасының жүзеге асыры­луымен та­нысу мақсатында Ақсу ауыл­дық округіне табан тіреп, тұр­­ғын­дар­мен кездесті. Биыл қос ауыл яғни Ақсу ауылымен Мөрәлі Шә­менов елді мекенінің тұрғындары кө­гілдір отын­ның игілігін көрмек. Был­тыр аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлі­баевтың қол­дауымен облыс­тық бюджеттен 40 млн теңге бөлінді. Мердігер мекеме – «АЭS and Limited» ЖШС.
1600-ден астам тұрғыны бар Ақсу елді мекенін газдандыру жұмыс­тарына былтыр облыстық бюджеттен 20 млн теңге қаржы қаралып, бө­лінген қаржы шегінде жұмыстар жүр­гізілді. Ал биыл құрылыс монтаж­дау жұмыстарын жалғастыру үшін ұлт­тық қордан 100 млн теңге, об­лыс­тық бюджеттен 397,4 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда құрылыс мон­таждау жұ­мыстарының 95 пайызы орын­далып, 387,7 млн теңге игерілді. Шілде, та­мыз айларында қалған 109,7 млн теңге игерілетін болады.
Айта кетейік, қазіргі таңда де­меу­шілік есебінен Бұқарбай батыр, Қаракеткен және Далдабай елді ме­кендерін газ­дандыруға жоба-сме­­талық құжаттар әзірленуде. Мұнан бөлек кентте орналасқан мем­ле­кеттік мекемелерді газ­дандыру мә­селесі түбегейлі шешілуде. Биыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің және Жалағаш кенті әкімі аппараты ғимаратының жылу жүйесін табиғи газға қосу, №246 орта мектеп ғи­мараты мен №123 мектеп-лицейі ғи­­маратының бу қазандығын газбен жылытуға ауыстыра отырып рекон­струкциялау жұмыс­тары жасалады.

Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асып жатқан ауылдардағы ауқымды бастама ауыл хал­қы­ның әлеуетін жоғарлататынын жеткізген халық қалаулылары, еңбектің өзегіндей болған елдегі ағайынның берекелі тірлігіне сәттілік тіледі. Сонымен қатар соңғы жылдары ауданда білімге инвестиция құйып, білім саласына жанашырлық танытып жүрген кәсіпкерлер саны артуда. Халық қалаулылары іс-сапар барысында жаңадан салынған 130 орындық «Жас қыран» балабақшасына да атбасын бұрып, жұмыс барысымен танысты.
Мемлекеттік тапсырыс негізінде жұмыс жасау үшін жаңадан салынған 130 орындық «Жас қыран» бала­бақшасының жалпы ауданы – 1493 шаршы метрді құ­райды. Типтік жобада салынған ғимаратта 6 ойын және жатын бөлмесі, спорт зал, акт зал, робототехника кабинеті, Ұлттық құндылық кабинеті, логопед бөлмесі, медбике бөлмесі және асхана бар. Сапалы қызмет, білікті мамандар мен жаңа технологиялар арқылы жабдықталған «Жас қыран» балабақшасының бүгінгі тынысына сенат депутаттары оң бағасын берді. Олар бала­ның жарқын бола­шағын қалыптастыруда ірге­тасын біліммен қалап, өнегелі тәрбиені сіңдіріп отыру қажеттігін айтты.
– Балабақшада жалпы 6 топ бар.Ең кіші топтарымыз – «Қошақан» және «Құлыншақ» деп аталады. Бұл топқа 2 мен 3 жас аралығындағы балаларды қабылдаймыз. Одан кейін 3 пен 4 жас аралығындағы балаларды қабылдайтын ортанғы топ – «Ботақан» деп аталса, 4 пен 5 жастағы балаларға арналған ересек топ – «Бөбек» тобы деп аталады. Ал 5 жастан асқан балалар мектеп алды даярлыққа яғни «Балдырған» және «Балдәурен» тобына барады, – дейді балабақша меңгерушісі Қалдыгүл Дәулет.
Балабақша тәрбие мен білімнің алғашқы бас­палдағы. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезі мен қабілетін ерте жастан дамытады. Халық қалаулысы Наурызбай Сейтқалиұлы балабақша бүл­діршіндер бойына рухани құндылықтарымызды сіңіріп қана қоймай, ұлттық нақышта бейнеленген қазақы оюлар, ой сергітуге арналған ойындар мен алшысынан түскен асықтар, киіз үй мен жалпы ұлттық кодымызбен құрақталған қасиеттерді дә­ріптеген бөбекжай бастамашыл дүниелерге бай екенін жеткізіп, ұжымның жұмысына сәттілік тілеп, аудан көлемінде ел еңсесін тіктеу бағытында атқарылып жатқан жарқын жобаларға оң бағаларын берді.
А.Ержанқызы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: