Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Бейсенбі, 05 желтоқсан, 20:33

Жемқорлық жайламасын десек…

18.03.2024

378

0

Жемқорлық жайлаған салада міндетті түрде құлдырау қалыптасары анық. Ал оның мемлекет үшін қандай қауіпті екені айтпаса да түсінікті. Сондықтан онымен күресті мейлінше күн тәртбініен түсірмеген абзал.

Елімізде де мұндай мәселе жоқ деп айта алмаймыз. Қызметтік бабын пайдаланып, пара алып ұсталып жатқандар Қазақстанда әлі де жемқорлық барын аңғартады. Мемлекет те онымен күресті күшейтуге бел буғына анық байқалады.

Жемқорлық жайлаған жерде барлық мәселе қалыптасатынын жоғарыда айттық. Бірақ осы мәселенің жолын кесу тек құзырлы органдардың міндеті деп қарау қате түсінік сияқты. Әрбір адам оның зиянын шын түсінгенде ғана елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың жемісін көруге мүмкіндік туады.

Дастан БАХТИЯРОВ,

аудандық қазынашылық

басқармасы басшысының орынбасары

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: