Сыбайлас жемқорлық жалпы қоғамның дамуын тежейді. Сондықтан онымен күрес шаралары толастамауы тиіс. Қазақстан да тәуелсіздік алған жылдардан бері қоғам дертімен күресті күшейтті. Олай болуы да орынды. Өйткені дамыған елдер қатарынан орын алуыд көздейтін кез келген мемлекет онымен күресті мемлекеттің бсты саясатына айналдыратыны анық.
Иә, расында экономикасы дамыған кез келген елді алып қарасаңыз сыбайлас жемқорлықпен күрес шараларына басымдық бергенін аңғарасыз. Өйткені жемқорлық орын алмаған ортада даму болады, алға жылжу жеделдейді. Барлық салада серпін қалыптасады.
«Сыбайлас жемқорлықпен тек құзырлы органдар күресуі керек» десеңіз, қателесіз. Негізінен бұл қоғам дертімен күресті әр адам өзінен бастауы тиіс. Тіпті онымен күресте әрқайсысымыз айналамызға үлгі болсақ, жемқорлық бұл қоғамнан өздігінен жойылады. Тіпті осы жолда нәтижелі жұмыс болса, өскелең ұрпақ та одан ада болатыны анық. Міне,біз осындай келешекке нық қадам жасау арқылы мемлекеттің жарқын болашағын құрамыз.
Гүлнұр ҚАСЫМОВА,
Жалағаш аудандық қазынашылық басқармасының
бас маман-бас қазынашысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!