Ақсу ауылдық округіндегі №139 сайлау учаскесіне келушілердің қарасы үзілмейді. Жексенбі болса да ауылда қызу тіршілік өрбіп жатыр. Таңмен таласа оянған жергілікті тұрғындар өз таңдауын жасауға асығуда. Осыдан-ақ мұндағы халықтың ауыл болашағына бейжай қарамайтынын аңғардық.
Білім ошағында орналасқан сайлау учаскесіне жүзінші болып Айнұр Оразбаева дауыс берді.
– Кез келген саяси науқанда әрбір сайлаушының дауысы маңызды. Сондықтан мүмкіндігінше сайлаудан қалмауға тырысамын. Бүгін де әдеттегідей ерте келіп, жүзінші болып дауыс беріп, арнайы сыйлыққа да ие болдым. Шыны керек ауылдастарымның ауыл болашағына атүсті қарамай, белсенділік танытып жатқанын көрініп қуанып қалдым, – дейді ол.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!