1 ақпаннан бастап қазақстандықтар «Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы бойынша балаға берілетін соманы біле алады.
Ақпарат kids.enpf.kz сайтында жарияланған. Балаңыздың ЖСН арқылы оның бағдарламаға қатысып, қатыспайтынын тексеруге болады.
2006 жылы және одан кейін туған барлық балалар жыл сайын Қазақстан Республикасы ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50 пайызын алатын болады. Табыс есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташа есеппен алынады. Барлық балалар есепті жыл үшін бірдей сома алады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдардағы балаларға есептелген сомалар ұлттық қор активтерінің бөлігі ретінде инвестицияланатын болады. Нәтижесінде оларға инвестициялық кіріс қосымша есептелетін болады.
Сервис қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр және барлығына шамамен 100 доллар түскені көруге болады.
Ақпарат алу үшін баланың ЖСН-ін енгізіп, «Тексеру» түймесін басу керек.
Айта кетейік, бұған дейін «Ұлттық қор — балаларға» жобасына байланысты шу шыққаны белгілі болған. Өйткені кейбір ата-ана баласын тізімнен таппаса, ал енді бірі деректер базасында өз баласының орнына бейтаныс адамдардың тіркелгенін көріп таң қалған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!