Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Бейсенбі, 02 мамыр, 18:53

Жалағаш ауданының құрылыс майталманына құрмет көрсетілді

22.08.2023

227

0

 Бүгін Жалағаш ауданы әкімінің міндетін атқарушы Арнұр Нұрмағанбетов аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің әдіскері Өмірбек Оспановты зейнеткерлікке шығарып салуға арналған қабылдау өткізді.

«Ауданымызда бой көтерген түрлі нысандар, сапалы ғимараттар, ел игілігі үшін тұрғызылған әлеуметтік нысандардың кірпішінде Өмірбек Асанбекұлының қолтаңбасы жатыр деуге әбден болады. Еліміздің тәуелсіздік алғанға дейінгі жылдарында да қызметтің қиын да күрделі сатыларынан өтіп, ауданымыздың өркендеу жолында алдыңғы шепте жұмыс жасадыңыз» деді Арнұр Нұрмағанбетов.

Өмірбек Асанбекұлына ауданның ең жоғары марапаты «Құрмет грамотасы» табысталды.

Өмірбек Асанбекұлы еңбек жолын 1979 жылы Жалағаш аудандық су шаруашылығы басқармасында гидротехник болып бастаған.

1985-1990 жылдары жылжымалы құрылыс мехколоннасында (ПМК) шебер, еңбек және еңбек ақы бөлімінде инженер қызметтерін атқарған.

1990-1992 жылдары Жалағаш аудандық Кеңесінің атқару комитетінде аға-референд, 1992-1998 жылдары аудан әкімі аппаратында инспектор, бас маман болып жұмыс жасаған.

1998-2006 жылдары ауданның бас сәулетшісі, құрылыс-сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы қызметтерін абыроймен атқарған.

Бүгінгі күнге дейін Жалағаш аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде әдіскер қызметін атқарып келді.

Қабылдауға аудандық мәслихат, ардагерлер және алқа билер кеңесінің төрағалары, құрылыс саласының ардагерлері мен мамандары қатысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: