Көкжөтел – құсумен және қалың тұтқыр қақырықтыбөлумен сипатталатын қалшылдатқан жөтелдіңерекше шабуылдарымен сипатталатын жеделреспираторлық бактериялық жұқпа. Көкжөтелдіңқоздырғышы ауа тамшыларымен, науқас жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде таралады.
Көкжөтел белгілері
Көкжөтел әсіресе өмірдің алғашқы айларындағыбалаларға қиын. Біріншіден, балада қарапайымсуықтың белгілері пайда болады: мұрынның ағуы, безгек, қалыпты жөтел. Бірте-бірте жөтел күшейіп, ұстамалы жөтелге айналады. Осы әлсірететін жөтелұстамалары кезінде мидың қан айналымы бұзылады, оттегі ашығуы, нәтижесінде психиканың бұзылуы жәнеәртүрлі дәрежедегі ақыл-ой кемістігі пайда болады.
Асқынулар
Көкжөтел өкпенің қабынуы (пневмония), мидыңзақымдануы сияқты асқынулармен қауіпті.
Көкжөтелдің алдын алу
Көкжөтелден қорғаудың жалғыз сенімді және тиімдіәдісі – вакцинация. Көкжөтелге қарсы егу 2, 3, 4 және18 айлық жастағы балаларға көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, «В» гепатитіне, гемофильді инфекцияғажәне полиомиелитке қарсы бір мезгілде кешендівакцинамен жүргізіледі. Бұдан әрі 6 жастағы балаларАбКДС күшейткіш дозасымен егіледі.
Аурудың белгілері пайда болған кезде дәрігерлермыналарды ұсынады:
– уақтылы медициналық көмекке жүгіну, өзін-өзіемдемеу, тек дәрігердің нұсқауы бойынша ем қабылдау;
– бөлмені жиі желдетіп, дымқыл тазалау жүргізу;
– жөтелген кезде ауызды жабу, қолды жиі жуу;
– ата-аналарға науқас балаларды ұйымдасқанұжымдарға, мектептер мен МДБҰ-ға және т. б. жібермеу ұсынылады.
Вакцинация – аурудан қорғаудың жалғыз жолы, балаларыңызды уақытында вакцинациялаңыз!
Есіңізде болсын, ауруды емдегеннен гөрі оның алдыналған дұрыс!
Г.Айымбетова – аудандық СЭБ басқарма басшысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!