Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Сейсенбі, 17 қыркүйек, 00:09

Мектепке онлайн ауысу мүмкіндігі

23.08.2024

113

0

Жақында eGov.kz порталында «Білім» деп аталатын жаңа бөлім енгізілген еді. Осы арқылы мектеп бітірушілеріне негізі және орта білім туралы аттестатын онлайн алуға болатын мүмкіндік ашылды. Енді аталған бөлімге тағы бір жаңа қызмет қосылды. Бұдан былай ата-аналар мен заңды өкілдер баланы бір мектептен екінші мектепке ауыстыруды үйден шықпай-ақ eGov.kz порталында жүзеге асыра алады.

Оқу-ағарту министрлігі хабарлағандай, елі­міз­де балаларды мектептер арасында ауыстыру бойынша мемлекеттік қызмет автоматтандырылды. Осыған орай eGov.kz порталындағы «Білім» бөлімінде тұрғылықты жері бойынша немесе одан тыс жерлерде көрсетілген кез келген білім ұйы­мын таңдау мүмкіндігі беріледі.

Жаңа үдеріс есептен шығару және бекіту талондарын, сондай-ақ жеке іс құжаттарын тапсыруды қажет етпейді. Мектеп таңдаған кезде оқу тілі де көрсетіледі. Сондай-ақ өтініш берушінің өтінімді қайтарып алуға мүмкіндігі бар.

Бұл мемлекеттік қызметті алу үшін алдымен eGov.kz порталында тіркеліп, «Білім» бөліміне өту керек. Содан соң «Орта білім» бө­лімінде «Балаларды мектептен мектепке ауыс­тыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін таңдап, қажетті жолдарды толтыру және электронды цифрлық қолтаңба көмегімен өтінішке қол қою қажет. Қызмет нәтижесімен «Жеке кабинетте» танысуға болады.

Жаңа мемлекеттік қызмет түрін Оқу-ағарту министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерт­теу­лер және білімді бағалау орталығы» акцио­нер­лік қо­ғамы және «Ұлттық ақпараттық техноло­гия­лар» акционерлік қоғамы бірлесіп әзірледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: