Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 04:56

Нұрлыбек Нәлібаев: Әрбір ауданның әлеуетін арттыру үшін өңірге инвестиция тарту керек

19.04.2022

655

0

Қазалы ауданындағы бірқатар нысанды аралап, жұмысын саралаған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ауданда кеңейтілген актив отырысын өткізді.

Жиынға облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, жауапты сала басшылары мен еңбек ардагерлері қатысты. Басқосуда Сырдария өзенінің су деңгейі, Қазалы ауданының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, алға қойған жоспарлар сөз болды.

Облыс әкімі вегетациялық кезеңде су тапшылығы орын алу қауіпі бар екенін атап өтіп, кешенді шаралар қабылдау бойынша нақты тапсырма берді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев үлкен сенім білдіріп, маған туған жеріме қызмет етуге мүмкіндік берді. Халықтың әл-ауқатын көтеру – біздің бірінші кезектегі басты міндетіміз. Қазақта «Біріккен білек жер қопарады» деген дана сөз бар. Туған жерді дамытуға күш біріктіріп, тізе қосып, кесімді пікір мен келелі шешім қабылдау үшін Өздеріңізбен кеңесіп отырудың орны бөлек. Сонымен қатар, «Қарлан» учаскесіндегі көпір құрылысының басталуы – дарияның арғы бетіндегі ағайынның бұрыннан келе жатқан тілегі болса, 250 келушіге арналған емхана құрылысының аяқталуына санаулы күндер қалды. Жыл сайын Сырдария өзеніндегі судың азайып жатқандығы бәрімізге мәлім. Өткен жылы орын алған қуаңшылық шаруаларға қиындықтар туғызды. Дегенмен, өтпелі қиындыққа мойымай, бірлікпен іс атқардық. Қазіргі кезде өзендегі су деңгейінің көтерілуіне қарамастан, вегетациялық кезеңде су тапшылығы орын алады деген болжам бар. Бүгін осы мәселелерді Өздеріңізбен толығырақ талқылау мақсатында жиналып отырмыз», – деді облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.
Актив отырысында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ауданның макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша есеп беріп, өзекті мәселелер бойынша ұсынысын жолдады.

Мұнымен қоса, «РЗА» АҚ-ның директоры Самұрат Имандосов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов елге тілеулес екендігін айтып, тұрғындар атынан лебізін білдірді.

Облыс әкімі экономиканың барлық салалары бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың оң параметрлеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар экономика салаларына инвестициялар тарту, салық базасын ұлғайту, саяси тұрақтылықты сақтау, жаңа жұмыс орындарын құру және кәсіпкерлік саласын дамыту бойынша нақты жұмыстар жүргізу қажет екенін айтты.

«Қазіргі дағдарыс жағдайында бюджеттің әрбір тиыны есептеулі. ретте, бюджеттен бөлінген қаражаттар мерзімінде және толық игеріп, жобалардың сапалы жүзеге асуын қамтамасыз етіңіз», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: