Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Сәрсенбі, 16 қазан, 03:10

Зейнетақы жинағын ЭКО жасату үшін қолдануға болады

29.01.2021

649

0

Қазақстанға экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКО) процедурасы үшін зейнетақы жинағын қолдануға рұқсат беріледі. Бұл туралы «Отбасы банкінің» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Енді зейнетақы жинағын алуға қатысты ережеде сегізінші мақсат қосылды, ол «көмекші репродуктивті әдістер мен технологиялар» деп аталады. Мұның ішіне экстракорпоральді ұрықтандыру процедурасы да кіреді», – дейді Ләззат Ибрагимова әлеуметтік желі арқылы өткен тікелей эфир барысында.
Оның айтуынша, зейнетақы жинағын қолдану ережелерін Денсаулық сақтау министрлігі келесі аптада жариялайды. «Келесі аптада бұл ережелер заңды күшіне енеді деп күтіп отырмыз. сәбилі болуға қатысты мәселелері бар отбасылар зейнетақы жинағы есебінен ЭКО жасау мүмкіндігіне ие болады», – дейді ол. Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2021 жылдан елімізде «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасы іске қосылатынын айтты.
2021 жылы 2 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалануға қатысты заңға қол қойды. Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жаңартылған «жеткіліктілік шегі» жарияланды. Зейнетақы жинағынан алуға болатын сома БЖЗҚ сайтында автоматты түрде көрсетіледі.
23 қаңтардан Қазақстанда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталды. Арнайы порталда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталғалы үш сағаттың ішінде 4 мыңнан астам адам өтініш берді. Зейнетақы қаржысын емделу үшін алу ережелері осы айдың соңында жарияланады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: