Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Жұма, 22 қараша, 12:01

«Жұмысқа тұрғызып беремін»: Алаяқ 2 азаматты 1 500 000 миллион теңгеге алдап кетті

19.02.2021

742

0

 Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне алаяқтың құрбаны болған 43 жастағы жергілікті тұрғын арызданды.

Оның айтуынша, белгісіз ер азамат 2019 жылдың шілде айынан бастап оны ҚТЖ-ға жолсерік ретінде жұмысқа орналастыруға уәде беріп, алдау жолымен 740 000 теңгесін жымқырған. Өтініш беруші бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысқа орналасуды да, ақшасын да қайтармаған.

Сол күні полицияға жергілікті тұрғыннан алаяқтық дерегі туралы тағы бір осындай мазмұнда арыз түсті.

2019 жылы белгісіз азамат оны таныстары арқылы жолсерік етіп ұйымдастыруға уәде беріп, алдау жолымен өзіне 700 000 теңге сомасында ақша қаражатын жымқырған. Алаяқты ұстау мақсатында полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде 1975 жылы туған қала тұрғыны ұсталды.

Қазіргі уақытта,  аталған дерек  бойынша Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының басшылығы азаматтарға қырағы болу және бейтаныс адамдарға сенбеу қажеттігін тағы да ескертеді. Несие немесе басқа да әлеуметтік-материалдық көмек алуда күмәнді көмек ұсынатын, сондай-ақ ақша үшін жұмысқа орналасуға уәде беретін әр түрлі алаяқтарға шамадан тыс сенім білдірмеңіз. Егер сіз осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға 102 нөміріне хабарласыңыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: