Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

14°C

, Бейсенбі, 10 қазан, 18:01

Біздің міндет – оқу

28.10.2020

520

0

Короновирус инфекциясының әлемдік таралуы біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Сондықтан санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық білім беру орталықтары онлайн оқу жүйесіне көшті. Әрине, бастапқы кезеңде қиындық тудырған еді. Алайда кейін олқылықтардың орны толтырылып, жақсы нәтиже көрсете бастады. 

Біз оқитын Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде де онлайн оқыту технологиясы ешқандай қиындық туғызып жатқан жоқ десек те болады. Себебі, онлайн білім беру процесі бірталай жылдан бері қолданыста бар. Мәселен, университет PLATONUS автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен жұмыс істейді. Білім ала жүріп, онлайн оқыту жүйесіне қатысты көптеген ақпараттық технологияны меңгердік. Солардың қатарындағы Zoom, Google Classroom, Platonus сияқты онлайн оқыту бағдарламаларымен ақпарат тасымалдаудың тиімділігін арттыруда. Жалпы таңдаған бағдарламаны сатып алу, орнату, басқа да мәселелерді университет басшылығы дер кезінде шешіп отырады. Қазір онлайн түрде емтихан да өткізіп үлгердік. Университетте студенттер үшін Call-орталық жұмыс істеп тұр. Білім алушылар емтихан, басқа да оқу процесіне байланысты кез келген мәселелер бойынша хабарласып жауап ала алады.

Қашықтан оқытудың маңыздылығы – білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы студенттердің білім деңгейін көтеру. Сонымен қатар әлемдік ақпарат кеңістігіне жол ашып, білім алушылардың ғылым және шығармашылық ізденісін арттырады. Әсіресе, қашықтан оқыту технологиясы оқыту жүйесін құру мүмкіндігін береді. Бұл жүйеде оқытушы студенттің жұмыстарын, жеке қызығушылығы мен сұранысын ескереді. Қазіргі кезде адамзат дамуының ерекше артықшылығы ақпараттық өркениетке көшу, адамдардың интеллектуалдық мүмкіндігін арттыратын есептеуіш техника мен ақпараттық технологиялардың жедел дамуы. Қазіргі қойылатын талапқа сай жаңа технологиялар – берілетін білім деңгейін кеңейтуді және студенттердің білім дәрежесінің артуын талап етіп отыр. Сондықтан кез келген білім алушы заман ағымына ілесіп, кез келген ақпараттық технологияны еркін меңгеруге ұмтылып, барлық күш-жігерін білім мен ғылымға, теория мен практикаға жұмсауға міндетті.

Айгерім ҚАНЖАРБАЕВА,
ҚМУ-дың IV курс студенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: