Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Жұма, 26 сәуiр, 15:41

Қазақстанда 2025 жылға дейін оқу грантының саны 50%-ке артады

12.03.2021

500

0

Елімізде 2025 жылға дейін гранттар саны 50 процентке артады.

Сонымен қатар әлемдік халықаралық университет – QS World University Rankings рейтингісіне кіретін қазақстандық жоғары оқу орындарының санын 15-ке дейін арттыру көзделіп отыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті. Сондай-ақ 2025 жылға дейін жатақханаларда 50 мың жаңа орын пайдалануға беріледі.

Айта кетейік, соңғы бір жылдың ішінде студенттерге арналған стипендиялар мөлшері 25, докторанттарға 83 процентке  ұлғайды. Енді 2025 жылға дейін студенттердің стипендиясы тағы 2 есеге, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы бір жарым есеге артады.

24.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: