Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Сенбі, 25 маусым, 05:07

Қызылордада оқушыларға арналған «Qabilet» орталығы ашылады

03.03.2022

42

0

Жалпыұлттық «Ел үміті» бастамасы аясында облыста аз уақыттан соң Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен – «Qabilet» қызметі жобасы іске қосылды. Аталған жоба 5-17 жас аралығындағы балалардың қабілеттерін диагностикалау бағытында 2021-2024 жылдар аралығын қамтиды. Бұл туралы Өңірлік Коммуникациялар алаңында өткізілген брифингте «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының директоры Айжан Қиянбекова мәлімдеді.

«Qabilet» қызметі жобасының мақсаты – балалардың қабілетін диагностикалау және оқушыларға одан әрі оқыту мен кәсіби даму бойынша кеңес беруді қамтитын қызмет. Жоба аясында баланың қабілет деңгейін дұрыс бағалауға және оның таланттарын, дағдыларын ашуға, одан әрі дамыту бойынша ата-аналарға кеңес беріледі.
Жобаның жүзеге асырылу кезеңдері бойынша биылғы жылы 10-11 жастағы оқушылар диагностикалауға тестілеу арқылы қатыса алады.

«Диагностикалау мен қабілеттерді анықтау Елбасы Академиясының qabilet.elbasyacademy.kz онлайн платформасында және «Дарын» өңірлік орталығының базасында жүзеге асырылады. Қызмет кез келген оқушыға тегін түрде қолжетімді. Ол үшін qabilet.elbasyacademy.kz сайтына тіркеліп, жеке кабинетте тестілеуден өтеді. Сондай-ақ ЖСН білу және өзімен бірге қолданыстағы телефон нөмірі болуы қажет, оған сайтта тіркелгенін растайтын СМС хабарлама келеді. Тест 5 әдістемелік тапсырмалардан тұрады. Бала 70 балдан жоғары ұпай жинағанда ІІ кезеңге өтеді. ІІ кезең «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығында оффлайн форматта өтеді», – деді Айжан Тұрғанбекқызы.

Қазіргі таңда облыс бойынша 1335 оқушы тестілеудің І кезеңін тапсырып, ІІ кезеңге 3 оқушы өтті. Тестілеуден өткеннен кейін оқушыны топпен жұмыс жасату арқылы коллоборация, креативтік, сыни және коммуникативтік ойлау дағдыларының қаншалықты дамығаны, шығармашылық қабілеті жайлы ақпарат алынады.

Айта кетейік, жоба жайлы толық ақпаратты алу үшін «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының «Qabilet» бөліміне немесе 8 800 080 48 48 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: