Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

16°C

, Жұма, 26 сәуiр, 08:41

«Алтын күз – 2022» спартакиадасында аудан спортшылары жүлделі 3 орынды иеленді  

10.10.2022

444

0

Бүгін аудан әкімі Асқарбек Есжанов ауыл спортшыларының «Алтын күз – 2022» спартакиадасына қатысқан спортшылармен кездесті.

– Спартакиадаға ауданнан 160-қа жуық спортшыларымыз қатысып, нәтижесімен облыс бойынша 3 орынды иеленді. Осы спартакиадада жеңіске жеткен спортшылармен қоса жаттықтырушыларды шын жүректен құттықтаймын.

«Алтын күз-2022» спартакиадасында алдарына жан салмай жеңіс тұғырынан көрініп, үздіктер қатарынан көрінген жерлестеріміз гір көтеру, қазақ күресі, шахматтан 1 орын алды.

Ал, президенттік көпсайыс, көкпар, бес асық, теңге ілуден жүлделі 2 орынға, футбол, аударыспақ, қол добынан 3 орынға қол жеткізді.

Бұл – ауданымыз үшін үлкен жетістік. Алдағы уақытта аудан спортшылары бұдан да жоғары белестерді бағындырып, биіктерге шығатынына сеніміміз мол, – деді аудан басшысы.

Кездесуде ауыл спортшыларының «Алтын күз – 2022» спартакиадасында үздіктер қатарынан көрінген командалар мен спортшыларды аудан әкімі Асқарбек Есжанов марапаттады.

Айта кету керек, 5-9 қазан аралығында Қазалы ауданында бұқаралық спортты дамыту, ауылдық жерлерде салауатты өмір салтын қалыптастырып, спорттың маңызын арттыру мақсатында 1000-нан астам ауыл спортшыларының қатысуымен «Алтын күз-2022» спартакиадасы өткен болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: