«Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Жастар» бастауыш партия ұйымының белсенді мүшелері кент тұрғыны, ардагер анамыздың үйіне барып, тазалық жұмыстарын жүргізіп, қажетті қол көмектерін көрсетті. Ардагер анамыз жастарға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Қарттарымызды құрметтеу, олардың қажеттіліктеріне жарай білу, әрқашан сыйлау – қоғамдағы жас ұрпақтың міндеті, борышы.
Жастардың көмегі қарт кісілердің көңілін көтеріп, күш беріп қана қоймай ертеңіне деген сенімділігін арттыра түседі.
Жастардың бастамасы болған игі іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!