Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

27°C

, Сәрсенбі, 24 сәуiр, 11:42

Аудан әкімі А.Есжановтың 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтауы!

28.06.2022

412

0

ҚҰРМЕТТІ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН САЛА АРДАГЕРЛЕРІ!

Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңіз Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!Жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып қоғамдағы іргелі істердің алғы шебінде жүретін айрықша кәсіп иелерінің қызметі қадірлі де, құрметті!Байланыс пен ақпарат дәл қазіргі таңда қоғамдық өмірдің барлық басты салаларын қамтып отырғаны белгілі.

Ақпараттар ағыны толастамай, күн сайын көбейген XXI ғасырда бұқаралық ақпарат құралдары шынайы ақпараттың қайнар көзі болып табылады.Уақыт өткен сайын аудандық басылым бетіндегі туған жер, ұлт мұраты мен ұрпақ болашағының маңызды бағыттары жайлы мақалалардың деңгейі көтеріліп, көкжиегі кеңейе түсуде. Сіздердің салмақты сөздеріңізбен, салиқалы пікірлеріңізбен халық билікке өз сөзін жеткізіп отыр. Баспасөз арқылы атқарушы билік органдарының қызметі туралы тұрғындарға жедел және дәйекті ақпараттар жеткізіліп келеді.

Қоғам дамуының қозғаушы күші ретінде Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін.Мереке құтты болсын!Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға аманшылық, шығармашылық еңбектеріңізге сәттілік, табыс тілеймін!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: