Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:42

Сайлау: дауыс беру басталды

03.07.2022

312

0

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу қажеттілігі жөнінде бастамасына сәйкес Жалағаш ауданына қарасты Жаңаталап ауылдық округінің әкімін сайлау науқаны басталды.

Таңғы сағат 7:00-де сайлау №141 сайлау учаскесінде учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің, БАҚ өкілдерінің, байқаушылардың және сенім білдірген адамдардың қатысуымен сайлау туралы заңның талаптарына сай, барлық процедураларды орындай отырып сайлау учаскесін ресми түрде ашылды.

Таң атасымен өз таңдауымды жасаймын деген сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Алғашқы болып Жаңаталап ауылының тұрғыны Қиынбаев Қанат өз таңдауын жасады.

– Бүгін ауылымыз үшін маңызды күн десем болады. Ауылымыздың тыныс-тіршілігі Аллаға шүкір, жақсы, ауыл азаматтарының жасап жатқан шаруаларының жайы көңіл көншітеді. Халқымызға бірлік, елімізге бибітшілік тілеймін, – деп, өтіп жатқан саяси науқанға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, №141 сайлау учаскесінде дауыс беру кешкі сағат 20.00-де аяқталады.

Жандос Жазкен

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: