Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Жұма, 19 сәуiр, 05:25

Жалағаш ауданының әкімі тұрғындарды қабылдады

02.09.2022

734

0

Бүгін Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжанов жеке қабылдау өткізді.

Аудан басшысының қабылдауына аудан бойынша 7 тұрғын келіп, өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді.

Жеке қабылдауға келгендердің дені жұмыссыздық мәселесін алға тартса, бірқатар тұрғындар жайылымдық жер, тұрғын үй және әлеуметтік мәселесімен жүгінді.

Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берсе, бірқатар жұмыс сұраушылардың мәселесін шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, әлеуметтік көмек сұраған аудан тұрғынына мүмкіндігінше көмек жасалатынын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: