Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

12°C

, Бейсенбі, 28 наурыз, 21:59

Жалағашта екі күнде 210 әкімшілік хаттама рәсімделді

12.09.2022

580

0

Қызылорда облысы әкімінің тапсырмасына және Қызылорда облыстық полиция департаментінің нұсқауына сәйкес, қылмыс пен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында биылғы жылдың 10-11қыркүйек күндері Жалағаш ауданы көлемінде қауіпсіздік деңгейін арттыру бағытында жұмыстар жүргізілді.

Атқарылған жұмыстардың қатарында қылмыстардың алдын алумен террористік және экстремистік сипаттағы өзге құқыққа қайшы әрекеттерді уақытылы ескерту, олардың жолын кесу, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігінің алдын алу жұмыстары да бар.

Аудан бойынша полиция бөлімінен 40 қызметкер, атап айтқанда Жалағаш кентіне 26 қызметкер, 6 автокөлік, елді мекенге 14 қызметкер, 7 автокөлік бөлініп, жұмыс жасады.

Аудан көлемінде сенбі, жексенбі күндері қылмыстық оқиғалар орын алған жоқ. Екі күнде атқарылған жұмыстың нәтижесінде қоғамдық қауіпсіздік саласы бойынша 46 әкімшілік хаттама рәсімделсе, жол қауіпсіздік саласы бойынша 118 әкімшілік хаттама рәсімделді. Айып алаңға 13 автокөлік қамалды. Бұл бағыттағы жұмыстар қатаң бақылауға алынып, алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Қызмет атқару барысында сыбайлас жемқорлыққа, келеңсіз жағдайлар мен төтенше жағдайларға жол берілген жоқ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: