Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Бейсенбі, 09 мамыр, 12:26

Бұқарбайда жол жайы жақсаруда

28.07.2023

1043

0

Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінде Жалағаш ауданында 2023 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы брифинг өтті. Жалағаштағы жарқын жобалар мен осыған дейін атқарылған ауқымды істер турасында кеңінен айтқан аудан әкімі Асқарбек Есжанов жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыруға басымдық беріп отыр. Тіпті 2025 жылға дейін ауылдық жерлерді дамытуға бағытталған жобалар дайындалып, бүгінде ол жұмыстардың көбі қолға алынды.

«Ауылына қарап, азаматын таны» дегендей, Асқарбек Есжановтың аудан тізгінін қолына алғалы ауданның, әсіресе ауылдық елді мекендердің дамуына ден қойғанын айта кету керек. Бүгінгі күні аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар ел игілігіне жұмыс жасамақ. Әсіресе қанша жылдан бері шешімін таппаған мәселелер де оң нәтижесін беруде.

Журналистермен өткен брифингте аудан көлеміндегі ауқымды жұмыстарға тоқталған аудан басшысы әрбір елді мекендегі жарқын жобаларды да айта кетті. Ал Бұқарбай батыр ауылындағы қуантарлық жұмыстардың қатарында жол құрылысын айтар едім. Мәселен, «Жаңару» ФҚ-ның жеке қаражаты есебінен 2 млн теңгеге маусым айында Ким Яков көшесіне тас төсеу жұмыстары жүргізіліп, тиісті жұмыстар толық аяқталды. Ал «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында А.Құнанбаев, Бұқарбай батыр, А.Төлеубаев көшелеріне, бұдан бөлек ауылішілік 11 көшеге, асфальт төсеу жұмыстары да қолға алынбақ. Тағы бір сүйіншілейтін жұмыс, ауылдағы 16 көшеге түнгі жарық шамдарын орнату болды. Бұқарбай батыр ауылындағы негізгі жобалардың бірі 3 көшеге, яғни А.Құнанбаев, А.Төлеубаев, Бұқарбай батыр көшелеріне биыл күрделі жөндеу жүргізілетінінен де хабарымыз бар.

Ал әрбір елді мекеннің дамуын бүгін қолға алған аудан басшысы әлі де тұрғындарды жарқын жобалар күтіп тұрғанын жеткізді. Облыс орталығында өткен брифингте айтылған ауқымды жұмыстардың барлығына куә болып жүрміз. Алдағы жоспарлардың да нақты мақсаттарға құрылғаны көңіл қуантты.

Қабыланбек Нұрмағанбетов,
Бұқарбай батыр ауылы
ардагерлер кеңесінің төрағасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: