Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 00:48

10.00-де 136 сайлаушы дауыс берген

03.07.2022

497

0

Жаңаталап ауылдық окугі әкімін сайлау науқанының басталғанына да 3 сағат болды. №141 сайлау учаскесіне келіп 10.00-ге дейін 136 сайлаушы дауыс беруге келген. Жалпы саяси науқанға қатысушылар саны – 439.

Таң атысымен малын жайғап, қора-жайдың тіршілігін оңдаған ауыл ағасы Омаров Мейрамбек, науқанда өз таңдауын жасау үшін сайлау учаскесіне келіпті.

– Ауылымыздағы болып жатқан әрбір істің берекелі болатынына сенемін. Ауылымыз үшін бүгінгі күн өте маңызды, сондықтан ауыл халқын саяси науқанда белсенділік танытуға шақырамын. Жалпы кандидаттар, кандидаттардың сайлауалды бағдарламарымен ақпараттық құралдар арқылы етене таныспыз. Науқан нәтижелі, абыроймен өтуіне тілектеспін,– деп жақсы ниет білдірді ауыл тұрғыны.

Айта кетейік, бүгін ауданға қарасты екі елді  мекенде әкім сайлауы өтіп жатыр. Оның бірі біз басы-қасында жүрген Жаңаталап ауылдық округі әкімін сайлау науқаны болса, дәл осындай саяси науқан Ақсу ауылында да өтіп жатыр. Дауыс беру барлық учаскесінде сайлау туралы заңнама талаптарына сәйкес өтуде, құқық бұзушылықтар әзірге анықталған жоқ, арыз-шағым да түспеген.

Жандос Жазкен

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: