Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Жұма, 15 қараша, 04:52

1600-ге жуық сайлаушы таңдауын жасады

20.11.2022

233

0

Бүгін қазақстандықтар үшін маңызды күн. Көптен күткен Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы. Таңғы сағат жетіден бастап жұмысын бастаған сайлау учаскелеріне аялдаған біз бұл жолы да аудан тұрғындарынан қарқындылықты байқадық. Аудандағы З.Жарқынбаев атындағы №202 орта мектепте орналасқан №129 сайлау учаскесіне ең алғашқы болып кент тұрғыны Ғ.Ақбөпеева келіп, ел болашағы үшін өз таңдауын жасады. «Маңызды күні өз таңдауымды жасап, дауысымды беру саяси науқанда белсенділік таныту барлығымыз үшін болашаққа деген нық қадам деп білемін» деген кент тұрғыны алғашқы болып дауыс бергені үшін арнайы сыйлыққа да ие болыпты. 

Аталған участіктің комиссия төрағасы О.Сапанов болса жалағаштықтардың белсенділігі жоғары екенін айтады. Участікке қарасты 1915 сайлаушының, сағат 16.00-ге дейін 1600-ге жуығы өз таңдауын жасап үлгеріпті. Ең қарт сайлаушы, яғни 103 жастағы анамыз да саяси науқаннан тыс қалған жоқ. «Егемен елдің ертеңі үшін бүгінгі науқанның маңызы зор. Сондықтан барлығымыздың бір кісідей атсалуымыз, әрбіріміздің таңдауымыз аса қажет» дейді кейуана өз сөзінде. 

Айта кетейік, сайлау учаскесіне келген отбасылық сайлаушылардың да қатары көп екен. Олар да отбасы мүшелерінің әрбірінің таңдауы ел болашағына әсер етеді деген сенімде. 


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: