Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Жұма, 13 желтоқсан, 14:35

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі өзгерістер туралы

08.02.2023

620

0

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (Қор) жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейінжүзеге асырады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржы ресурстары жұмыс берушілердіңөз жұмыскерлері үшін, сондай-ақ дара кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдардыңөздері үшін ең төменгі бір жалақыдан кем емес және жеті еселенген мөлшерінен аспайтын табыстың 3,5% мөлшерінде төленетін әлеуметтік аударымдары есебінен қалыптасады.

2023 жылдан бастап ең төменгі жалақының 70 мың теңгеге дейін  артатынын ескере отырып,2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік аударымдардың ең төменгі мөлшері айына 2 450 теңгені(3,5%*70 000 теңге),ал ең жоғары мөлшері – 17 150 теңгені(3,5%*7*70 000 теңге)құрайтын болады.

Әлеуметтік аударымдардың уақтылы түсуі әлеуметтік тәуекелдердің 5 түрі – еңбек ету қабілетінен айырылуы, асыраушысынан айырылуы, жұмысынан айырылуы, жүктілікке және босануға, сондай-ақ бала күтіміне байланысты кірісінен айырылуы кезінде азаматтарға әлеуметтік төлемдер алуды қамтамасыз етеді.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдердің 2 түрінің параметрлері өзгертілетін болады.

Бірінші, жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем, ол жүйеге қатысушыға жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап еңбек өтіліне байланысты 1 айдан 6 айға дейін тағайындалады.

Әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік аударымдар жүргізілген жүйеге қатысушының соңғы 2 жылдағы орташа айлық кірісіне, жүйеге қатысу өтіліне және кірісті ауыстыру коэффициентіне байланысты болады.

Келесі жылдан бастап кірісті ауыстыру коэффициенті 45% – ға дейін артады, бұл әлеуметтік төлем мөлшерінің орта есеппен 13% – ға өсуіне әкеледі.

Айта кету керек, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға нақты төлем алушыларға45% коэффициенті қолданыла отырып, біржолғы қайта есептеу автоматты түрде жүргізілетін болады. Қызылорда облысы бойынша 931алушыға төлем мөлшері ұлғайтылды.

Екінші, бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем бүгінде бала 1 жасқа толғанға дейін тағайындалатын болса, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап төлем ұзақтығы 1,5 жасқа дейін ұзартылады.

Әлеуметтік төлемнің мөлшері соңғы 2 жылда әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кірістің 40% – құрайды.

2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша балалары 2022 жылы туған нақты алушыларға төлем автоматты түрде ұзартылатын болады. Қызылорда облысы бойынша 5751 алушыға төлем мерзімі 1,5 жасқа дейін ұзартылды.

Сонымен қатар, атап өтетін жағдай жұмыскер үшін әлеуметтік аударымдар түскен жағдайда базалық мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша Қорданұзақ мерзімді әлеуметтік төлемнің 2 түрітөленеді.

Қорданеңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген кезеңге тағайындалады және еңбек қызметін жалғастыруына қарамастан төленеді.

Қорданасыраушысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем асырауындағылар 18 жасқа толғанға дейін, ал күндізгі оқу нысаны бойынша оқыған жағдайда – 23 жасқа дейін төленеді.

Сатып алу қабілетін қамтамасыз ету мақсатында бұл төлемдердің мөлшері жыл сайын артырылады. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ұзақ мерзімді әлеуметтік төлемдердің мөлшері автоматты түрде 8,5% – ға өсетін болады.

Қызылорда облысы бойынша 2921алушыға еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайға және 2590асыраушысынан айырылған жанұяға төлемдер мөлшері ұлғайтылды.

Осылайша, жұмыс істейтін азаматтар алатын төлемдердің жиынтық мөлшері жұмыс істемейтін азаматтарға қарағанда көбірек болады.

Сонымен қатар, төлемдерді қайта есептеу, арттыру және ұзарту автоматтандырылған режимде жүргізілетінін, яғни алушыларға қосымша құжаттар жинаудың қажеті жоқ екенін ерекше атап өткім келеді.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы толығырақ ақпаратты Қордың gfss.kz интернет-ресурсы арқылы, сондай-ақ Қор мен филиалдардың әлеуметтік желідегі аккаунттарынан алуға болады.

Қызылорда облысы бойынша

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: