Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

27°C

, Сәрсенбі, 24 сәуiр, 17:16

21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

21.09.2022

305

0

21 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де ауқымды антициклон ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жекелеген өңірлерде жел күшейіп, шығыста шаңды дауыл тұрады.

Атап айтқанда, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Алматы облысының солтүстігінде және орталығында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі болжанады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: