Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

15°C

, Жексенбі, 19 мамыр, 23:54

Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды

04.09.2023

394

0

Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.

Сапаров Айдарбек Сейпілұлы 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Омбы ауылшаруашылығы институтын (1992), Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2006) зооинженер мамандығы, мемлекеттік басқару бакалавры бойынша тәмамдаған.

08.1984 – 10.1984 – совхоз бухгалтері, Солтүстік Қазақстан облысы.
09.1992 – 10.1995 – зоотехник- орындаушы, Калинин атындағы шаруашылықтың коммерциялық директоры.
10.1995 – 09.2003 – директор, «Ноғайбай» ЖШС бас директоры.
09.2003 – 02.2005 – «Азық-түлік келісім – шарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары.
02.2005 – 03.2006 – «Азық-түлік келісім – шарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары.
03.2006 – 09.2006 – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасының басшысы.
03.2006 – 11.2006 – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы.
11.2006 – 03.2008 – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі.
03.2008 – 04.2010 – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі.
04.2010 – 09.2011 – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары.
09.2011 – 03.2019 – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.
03.2019 – 11.2022 – бірінші вице-министр, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.

2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап бүгінге дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: