Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сенбі, 27 шiлде, 07:10

«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛСЕНДІ МҮШЕЛЕРІНЕ ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ БИЛЕТТЕР ТАБЫСТАЛДЫ

15.07.2022

1065

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының мәжіліс залында жаңадан қабылдан партия мүшелері мен партияластарға жаңа үлгідегі партия билетін табыстау рәсімі болып өтті.

Аталған басқосуда «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева партияның жаңғыру аясында атқарылып жатқан жұмыстарымен бөлісті.
Партия мемлекетіміздің бүгіні мен болашағы үшін жауапты кезеңде ел бірлігі мен мүддесі үшін атқарған еңбектеріңізді жоғары бағалайды.


Сіздердің алдағы уақытта да ел дамуына ерекше үлес қосып, белсенді қызмет атқаратындарыңызға сенімдіміз – деді Қаншагүл Мұстафаева.


Жаңа үлгідегі «AMANAT» партиясының билетін алуда алдыңғы қатарда Жалағаш аудандық мәслихат депутаттары, білім, мәдениет, бастауыш партия ұйымының жетекшілері бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: