Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:12

Ақылы жолдарды кімдер тегін пайдалана алады?

29.05.2024

458

0

«ҚазАвтоЖол» кімдер ақылы жолдарды тегін пайдалануға құқылы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көлік құралдарының келесі санаттары ақылы жолдарда төлем жасаудан босатылады:

  • Жедел-жәрдем көліктері;
  • ТЖМ көліктері;
  • Құқықтық қорғау органдары;
  • Көлікті бақылау органдары;
  • Мемлекеттік органдар;
  • Қазақстанның Қарулы Күштері және басқа да әскери құралымдары;
  • Халықаралық және республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарына қызмет көрсететін ұлттық оператор;
  • Қазақстан заңнамасына сәйкес тиісті ақылы автомобиль жолдарына қызмет көрсететін концессионер.

Сондай-ақ ақылы жолдарды іргелес елді мекендерді байланыстыратын қала маңындағы және қалааралық қатынаста тұрақты жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ететін автобустар пайдалана алады.

Бұл санаттардың өкілдері тегін жүру құқығын алу үшін өз көліктерінің мемлекеттік нөмірлері мен тұрақты автобустардың жүру кестесін ұсына отырып, «ҚазАвтоЖол» АҚ-на ресми сауал жолдауы қажет.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: