Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

25°C

, Жұма, 17 мамыр, 09:43

Аудан әкімі А.Есжановтың 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер және Қазақстан полициясы күніне орай құттықтауы

23.06.2022

420

0

Ел мүддесі жолында абыройлы қызмет етіп жүрген мемлекеттік қызметшілер мен елдің айбыны, қорғаны болған полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік қызметші пен қоғамдағы тәртіп сақшысының міндеттері сабақтас. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметкер мен полиция – мемлекеттік аппараттың жұмысын алға жылжытушы кадр және мемлекеттік биліктің оң имиджін қалыптастырушы бірден-бір тұлға. Дамыған мемлекет – тиімді, нәтижелі мемлекеттік қызметтің және қоғамдық тәртіпті, ережелер мен заңдылықтарды сақтаудың негізінде құрылады.

Биыл дербес Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы уақыттар ішінде ішкі істер органдары қызметкерлері де биік белестерді бағындырып, өздеріне жүктелген міндеттерді мүлтіксіз атқарып келеді. Ішкі істер органдары – мемлекеттік биліктің қоғамда құқық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдарының бірі.

Мемлекеттік қызметші мен полиция қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді, олардың мәртебесі мен абыройы – Отанға, халқына адал қызмет етуімен бағаланады. Сондықтан да жаңа дәуірдегі мемлекеттік қызметші мен полиция қызметкері әрдайым парасат биігінде болуы қажет. Себебі халықтың билікке деген сенімі сіздерден бастау алады.

Бүгінгі мерекеде Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік тілеймін! Еліміз еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміздегі тыныштық пен бейбіт күн баянды болсын!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: