Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

13°C

, Сенбі, 27 сәуiр, 03:36

Аудан әкімі асылбек шаменовтың ауылдарға жұмыс сапары мәдениет ауылдық округінде жалғасты

17.02.2021

386

0

Аудан әкімі Асылбек Шаменов ең алдымен ауыз су нысанымен танысты. Ауыл әкіміне тұрғындарға ауыз судың тәулік бойы берілуін қамтамасыз етуін тапсырды. Сапары барысында аудан басшысы ауылдық емхана жұмысымен танысты. Ауылдық емханада және 10 төсектік ауруханада барлығы 39 қызметкер жұмыс жасайды. Асылбек Өмірбекұлы ауруханадағы ем алушылардың жағдайымен танысып, ұсыныстарын тыңдады.

Бұдан соң аудан әкімі І.Қабылов атындағы №32 орта мектеп жұмысымен танысты. Ауыл әкіміне, мектеп басшысына санитариялық талаптарды қатаң сақтауды тапсырды.

№14 Жалағаш ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде болып, жаттықтырушылармен, спортшылармен кездесіп, мәселелерімен танысты.

2018 жылы пайдалануға берілген «Балауса» бөбекжай-бақшасының жұмыстарымен де танысты.

Аудан басшысы Мәдениет ауылына жұмыс сапарын тұрғындарды жеке қабылдаумен қорытындылады. Жеке қабылдауға келген азаматтар жұмыссыздық, егістік, «Пірман», «Қорықбай», «ПМК» каналдары туралы мәселелер қозғады. Аудан әкімі мәселерді шешуге жұмыс жасайтынын, өзінің тікелей қадағалуында болатынын жеткізді.

Ауыл тұрғындары аудан әкіміне алғыстарын айтып, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: