Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

17°C

, Сенбі, 27 сәуiр, 11:29

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы тағайындалды

28.02.2024

2482

0

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес аудан әкімінің өкімімен Дүйсенбиева Бибіәсия Аманжолқызы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Бибіәсия Аманжолқызы, 1976 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.

2004-2008 жылдары аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің жетекші маманы, бас маманы;

2008-2023 жылдары аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі;

2023-2024 жылдары аудандық мәдениет және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі лауазымын абыроймен атқарып келді.

Бибіәсия Аманжолқызы, мемлекеттік қызметтің меритократия қағидаты бойынша осы бөлімнің басшысы лауазымына тағайындалып отыр.

Бибіәсия Аманжолқызы, аудандағы мәдениет, өнер, тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, тарихи-мәдени мұралардың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ, аудан көлемінде өткізілетін қоғамдық-саяси маңызы бар шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуын қамтамасыз ететін болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: