Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Сенбі, 27 сәуiр, 14:55

Ауыр жұмыс істейтін адам ораза ұстамауына бола ма?

25.03.2024

915

0

Ауыр жұмыс істейтін адам қасиетті Рамазан айының оразасын қалай ұстайды? Бұл сауалға Zhalagash-zharshysy.kz  muftyat.kz сайтына сілтеме жасап жауап береді.

Аузы берік адам (ауыр жұмыс істеу арқылы) қатты шөл мен аштыққа шалдығып, сол үшін өмірінен не есінен айырылатындай жағдайға душар болса, онда оған оразасын бұзуға рұқсат етіледі. Кейіннен бұл күннің қазасын ғана өтейді. Тек өзін әлсіретуге өзі себепші болып, тіпті ауыз ашуға дейін алып барса, әрі бұған ешқандай зәрулік жағдай түрткі болмаса ғана кәффаратын өтейді.

Сондықтан наубайшы, егінші секілді ауыр жұмыс істейтіндер оразасын аяғына дейін ұстауға кедергі келтіретіндей тым көп жұмыс істемеу керек. Рамазан күндерінде күндізгі жұмысын қысқартуы немесе түнгі уақытқа ауыстыруы қажет.

Дегенмен рамазан айларында ауыр жұмыс істеуге мәжбүр болған адамдар таң атқаннан аузын аша бермейді. Сәресін ішіп, аузын бекітеді. Мүмкін Алла оған оразасын соңына дейін тұтуға көмек берер.

«Әл-Фәтәуә әл-Һиндия» атты кітапта: «Өзінің жұмысын істеу арқылы ауыз ашуға рұқсат ететін зиянның жетуін біліп, алайда ауырмай, не қиналмай жатып оразасын бұзуы – харам»,  делінген.

Сондықтан ауыр жұмыс істейтін адам себепсіз ораза ұстамай қалмауына болмайды. Ондай адам Рамазан айының мол сауабынан құр қалып қоймауы үшін еңбек демалысын осы айға сәйкестендіріп, мүмкіндігінше жұмыс уақытын қысқартып немесе одан жеңілдеу жұмысқа ауысқаны абзал.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: