Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Бейсенбі, 12 желтоқсан, 12:56

Балық пен аң аулауда сақ болыңыз!

14.09.2023

357

0

Көлдің немесе өзеннің жағалауынан балық аулауға кірісер алдында таңдалған жерді мұқият қарап, оның қауіпсіздік дәрежесін анықтау қажет. Ең алдымен жағадан үшкір тастарды, тікенекті бұтақтарды және басқа да қауіп келтіруі мүмкін заттарды алып тастаңыз. Содан кейін балық аулауға арналған құралдарды орын-орнына қойып, қармақпен балық аулағанда кедергі келтірмейтініне көз жеткізініз. Қопарылған және тік жағалаулардың жанында ерекше сақ болу керек. Сазды жағалаулар, әсіресе, жаңбырдан кейін тайғақ болады, сол себепті тайғанап суға түсіп кетуіңіз мүмкін.

Егер сіз қайықтан балық аулауды дұрыс көрсеңіз, ең бастысы – жүзе білу. Бұл іс-әрекет сізге өзіңізді сақтап қалуға, тіпті ең қиын, күтпеген жағдайларда досыңызды құтқаруға көмектеседі. Су айдынына шығар алдында қайықтың жай-күйін мұқият тексеріп, ескектің ақаусыз екеніне көз жеткізіңіз. Балық аулауға арналған құралдарды қайықтың жанына салыңыз, ал басқа заттарды (киімді, сөмкені, дорбаны) қайықтың мұрын жағына және орындықтың астына орналастырыңыз. Міндетті түрде қайықта құтқару шеңбері, немесе құтқару кеудешесі және су жинауға арналған шелек немесе басқа да ыдыстар болуы керек.

Сонымен қатар, аңшылық тек арнайы рұқсат құжаттары бар шаруашылықтардың аумағында жүргізілуі тиіс. Әрбір аңшының аң аулау ережесін, өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауы керектігін естеріңізге саламыз. Суда жүзетін құстар мен су маңы жануарларының өзгеше мінез-құлық танытуы немесе жаппай қырылуы байқалса, бірден қорық қызметіне, болмаса аудандық, облыстық аңшылық шаруашылығына шұғыл түрде хабарлау қажет. Өйткені қоршаған ортаны қорғау әркімнің азаматтық борышы. Аң атуға рұқсат қағазды аңшылық шаруашылықтары береді және өзге шаруашылықтардың аумағына кіруге немесе мерзімі аяқталған жолдамамен аңшылыққа шығуға, құжатты өзге тұлғаларға беруге тыйым салынады. Тағы бір ескере кететін жайт, тұяқты жануарларды атуға шыққан кезде аңшылық, шаруашылық қорықшысымен бірге жүру міндетті. Аң аулау тәртібі туралы ақпаратты аңшылар қоғамынан және аңшылық шаруашылықтарынан алуға болады. 

                                              Жалағаш аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: