Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Бейсенбі, 18 сәуiр, 08:49

Белсенділер марапат төрінде

06.02.2021

379

0

Бейсенбіде еліміздегі ең жауапты әрі маңызды науқан Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауын өткізуде белсенділік танытқан бірқатар азаматтар марапатталды.

Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде өткен жиында аудан әкімі Асылбек Шаменов еліміздегі қиын кезеңге қарамастан, аса белсенділік танытып, қоғамның пайдасы үшін жұмыс жасаған азаматтарға алғысын білдірді. Ол саяси науқанның маңыздылығын айта отырып, «Бүгінгі марапат жауапты кезеңде тыным таппай, жасаған жұмыстарыңызға деген алғысымыз деп қабылдай отырып, алдағы уақытта да белсенді азаматтық ұстанымдарыңызды ауданның саяси дамуына жұмсап, аудандағы әрбір шараға бастамашыл болады деп сенім білдіремін» деді. Сондай-ақ аудан басшысы өз сөзінде науқан кезінде абыроймен ел игілігі үшін қызмет істеген азаматтардың елеулі еңбегін атап өтті.
Тарқатып айтсақ, аудан әкімі саяси науқанды ұйымдастыру барысында бір кісідей жұмылып, аяқтан тік тұрып қызмет етіп, табандылық танытқан белсенді азаматтарды Орталық сайлау комиссиясының, облыс әкімінің, аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттаса, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Садық Алиев бірқатар азаматтарға облыстық сайлау комиссиясының алғыс хатын табыстады.

«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: