Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

30°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 13:29

Бокстан жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионаты өтті

07.02.2021

274

0

Ақтөбе қаласында 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан ел біріншілігі өтті. Жалпыкомандалық есеп бойынша Қарағанды құрамасы бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бокстан ел чемпионаты 31 қаңтар күні басталып, бүгін аяқталды. Біріншілікке еліміздің барлық облысы мен Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының құрамалары қатысты. 14 салмақ дәрежесінде 280-нен астам спортшы өзара мықтыны анықтады (44 кг, 46 кг, 48 кг, 50 кг, 52 кг, 54 кг, 56 кг, 60 кг, 63 кг, 66 кг, 70 кг, 75 кг, 80 кг, 80 кг +). Олардың арасында республикалық, халықаралық додалардың жеңімпаздары бар.Жалпыкомандалық есеп бойынша Қарағанды бірінші орынды иеленсе, одан кейінгі орындар Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласының спортшыларында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: