Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

18°C

, Сәрсенбі, 29 қазан, 14:17

Болашақ механизатор

29.10.2025

18

0

Таңғы мезгіл. Кезекті сұхбат. Нысан – Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі. Оқу ордасында балалығы әлі басыла қоймаған жастардың күлкісі мен қимылы айналаға ерекше жылылық сыйлайды. Ауыздарында бір әуен, үзіліске ентелей шығып барады. Сол жастардың ортасында елпілдеп жүрген Сұлтан да бар. Ол оқу орнының үшінші курс студенті екен.

Бүгінгі кейіпкеріміз – ауыл шаруашы­лығын механикаландыру мамандығы бойынша білім алып жүрген студент. Көбісі ата-ана кеңесімен келсе, бұл сала – Сұлтанның өз таңдауы. Қызы­ғушылықтан бұрын өз өміріне деген жауапкершіліктен туындаған мақсатты көбірек аңғардық әңгімесінен. Ол бү­гінде мамандығын терең меңгеріп, кәсіби шеберлігін арттыруға бар кү­шін салуда. Төлембай Сұлтан таң­да­ған бағыт қазіргі уақытта ел эко­но­миасы үшін де, ауыл өмірі үшін де аса маңызды екенін жақсы түсінеді. Сон­дықтан Сұлтан теориялық біліммен қа­тар, тәжірибелік дағ­дыларды да же­тіл­діруге ерекше кө­ңіл бөледі.
– Мен таңдаған мамандық – өмір­­шең сала. Қазір ауданымызда кә­сіптік маман­дарға сұраныс жоғары. Тех­никаны меңгерген, ісіне жауапты ма­мандар ауыл шаруашылығына қа­шан да қажет. Жалағаш аграрлық ау­дан болғандықтан ертең дәл осы ма­мандықпен жұмыссыз қаламын деген де уайым жоқ, – дей­ді ол.
Болашақта Сұлтан туған жері Ақ­су өңірінде еңбек етіп, аймақтың да­муына үлес қосуды армандайды. Ол әсі­ресе ауылда еңбек етіп жүрген «Сәр­ке ба­тыр» жеке кәсіпкерлігінің жұ­мысымен та­нысып, сол ұжымның бір бөлігі бол­ғысы ке­летін де айтты.
– Мүмкін, алдымен әскери боры­шы­м­ды өтеп, кейін Алматы қала­сын­да осы мамандықтың жоғары бі­лі­мін алар­мын. Екі ойдамын, уақыт көрсе­теді ғой. Әзір­ге басты мақсатым – маман­дықты то­лық мең­геріп, жақсы маман болып қа­лып­та­су, – дейді ол сабырмен.
Ауыл шаруашылығы – елдің тірегі. Техника мен еңбектің тілін меңгерген адам ешқашан жұмыссыз қалмайды. Болашақ білікті маман болуды мақсат еткен студент колледжде алған білімін тәжірибемен ұштастыру мақса­тында өндірістік оқу сабақтарында да бел­сенділік танытады. Трактор мен ауыл ша­руашылығы машиналарының құры­лысын зерттеп, жұмыс істеу жүйе­сін ег­­жей-тегжейлі үйреніп жүр. Оқы­ту­шы­ла­­ры оның жауапкершілігі мен ұқып­­ты­лы­ғын ерекше атап өтті.
– Сұлтан – ізденімпаз, талапты сту­дент. Берілген тапсырмаларды тап­қыр­лық­пен орындайды. Техника са­ласына шын қызығушылығы бар, – дей­ді арнайы пән оқытушысы Берекет Нұржан.
Сұлтан бос уақытында спортпен де шұғылданады, техника жаңалықтарын оқиды. Әлеуметтік желіден ауыл шаруа­шылығына арналған заманауи құралдар туралы бейнематериалдар қарап, жаңа­шылдыққа ұмтылады.
Ауыл шаруашылығы – Қазақстан эко­номикасының маңызды салала­рының бірі. Бүгінде еліміздің көптеген колледждері бұл мамандық бойынша білім береді. Соңғы жылдары бұл салада жаңа технологиялар мен зама­науи техникаларды енгізу қарқынды жүріп жатыр. Сол себепті «Ауыл шаруа­шылығын механикаландыру» маман­дығына деген сұраныс та арта түсуде. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің дерегі бойынша 2025 жылға дейін агросекторда 10мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Сондықтан еңбек нарығында бұл бағыттағы жас ма­ман­дарға тұрақты сұраныс бар және болашақта да арта береді.
Мұны Сұлтан ерте түйсінген. Адам­ды алға жетелейтін күш – өз жү­ре­гін­дегі от екенін ол сезді. Алысты болжай алатын зерек көз, мақсатқа берік мінез – соның айғағы. Ол еш­кімге еліктеген жоқ, өзгеден емес, өзінен қуат алды. Сөйтті де, өміріне азық болатын ма­мандықтың тізгінін ұстады.
Біздегі тілек те сол – арманын ар­қа­лаған әр жас өз жолын тапсын. Мем­лекет қаржысы – сапалы білім­ге, сапалы кадрға жұмсалсын. Талап­кер­лер талпынысқа толы қадамымен кел­сін. Әр бауыр еті баласының бо­ла­шағына алаңдаған ана көңілі риза бол­сын. Жай емес дана Ана!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: