Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Сәрсенбі, 09 қазан, 11:18

Чемпиондар лигасы:
Манчестер Сити-Интер ақтық мәреде

23.05.2023

674

0

Кәріқұрлықтың ең үздік футбол клубын анықтайтын Чемпиондар лигасының жартылай финал ойындары бүкіл әлем бойынша миллиондаған футбол жанкүйерлерінің назарын аударатын басты спорт оқиғасына айналды. Осы маусым аясында жанкүйерлер тарапынан бұл матчтар нағыз футбол соғысы болады деп те күтілді. Иә, ол үмітті толықтай ақтады. Маусым бойы текетірескен турнирде жартылай финалға жолдама алған 4 команда бір-бірімен күш сынасты. Олар Манчестер Сити мен Реал Мадрид, Интер мен Милан арасындағы Милан дербиі еді.

Бірінші матч италияндық Милан мен Интер арасындағы Миландық дерби болды. Бұл кездесу футбол қауымының назарын өзіне аса аудартпады, бірақ ол итальяндық жанкүйерлердің жүрегінде қалды. Себебі ол – біз түсіне бермейтін екі клуб арасындағы мәңгілік текетірес, тартыс еді. Кім мықтыны анықтау қиынның қиыны. Миланды футбол та­ри­хында бірнеше кубоктардың иегері атанған титулды ұжымдардың бірі деуге болады. Ал Интер қай уақыт­та да өзінің сапалы ойынымен фут­бол элитасының шыңында жүрген ко­ман­даның бірі. Сондықтан да екі ұжым арасынан қызықты ойынды күту заң­дылық еді.
Бірінші ойында екі ұжым да тех­ни­касын, ұйымшылдығын және жеңіске деген құлшынысын көрсете оты­рып, әр доп үшін күресті. Бірақ өкі­нішке орай Милан 1 таймда Интер футбол­шыларының қарқынына төтеп бере алмады. Өз қақпасына бірінен-бірі жауапсыз 2 голды жіберіп алды. Осылайша Интер өзіне екінші ойынға еш алаңдаусыз күйде шыға алатын жағдайды тудырды десек болады.
Иә, бірінші матчтың нәтижесі Интер­дің соңғы ойындардағы форма­сын растады. Ал Милан алдағы теке­тірестің айқын андердогы ретінде қала берді. Десе де «доп домалақ» демекші, күтпеген жерден тосынсый болуы да мүмкін. Тарих көрсеткендей Милан Чемпиондар лигасын ең көп ұтқан клубтар қатарында. Не болса да, Пиоли командасы қарымта ойында қайта серпілу керек, әйтпесе финалға жолдаманың тағдырын өзгерту өте қиын болады. Бір өкініштісі, Милан бірнеше мықты ойыншыларының жара­қа­тына байланысты лайықты дәреже­дегі ойынды көрсете алмауда.
Қарымта ойында Интер өз алаңын­да Миланды қабылдады. Иә, Интер өте мықты көрінеді. Бірақ осы маусымда Симоне Индзагидің қорғаныстағы тәлім­герлері мінсіз жұмыс істеп жатыр деп айтуға болмайды, оны А сериясының соңғы турында Сассуоллодан өткізіп алған екі гол растайды.
Десе де Россонеридің қабілеті көп нәрсеге жетеді. Олар әр түрлі стиль­дерге бейімделуді, кез келген жағдайда тиімді ойын көрсетуді біледі және кез келген қорғанысқа қорқыныш сезімін сыйлай алады. Бірақ ескертетін бір жағдай бар. Алаңда міндетті түрде Рафаэль Леау болуы керек. Бірінші кездесуде ол болмады, сондықтан Миланның шабуылы әлсіздеу көрінді.
Сөйтіп екінші ойын да басталды. Алғашында командалар өткір ша­буы­лымен көзге көрінбеді. Интер ойын­шыларының допқа иелік етуі ба­сы­мырақ болды. 1 таймда есеп ашыл­мады. Үзілістен кейін 2 тайм дереу басталып кетті. Қалған 45 минутта Милан кем дегенде қарсылас қақпа­сына жауапсыз 2 гол тоғыту керек. Бірақ қалай? Қарсылас та осал команда емес. Жанкүйерлердің үміті Миланда болды. Заңдылық қой, көрермендердің ұтылып жатқан командаға бір бүйрегі бұратыны, жанашырлық сезім дейміз бе? Десе де аяушылық білдіретін Интер емес. Матчтың 74 минутында Интер өзінің кезекті шабуылында ар­ген­тиналық Лаутара Мартинес қарсы­лас қақпасынан саңылау таба білді. Матчта соғылған жалғыз гол Интер мен Миланның текетіресіне нүкте қойғандай болды. Осылайша, Интер жалпы 3:0 есебімен арада 13 жыл салып, Чем­пион­дар лигасының финалына шықты.
Келесі әңгімеге арқау болатын жартылай финалдық ойын бойынша біраз әңгіме айтылса керек. Әрине ол – Манчестер Сити мен Реал Мадрид кездесуі. Ағылшындар соңғы жыл­дар­дағы әлемнің ең үздік, ең қымбат клу­бының бірі болса, испан­дықтар Чем­пиондар лигасының бүгінгі жеңім­пазы. Сондай-ақ бұл екі команда ара­сында бітпес спорттық текетірес пен бәсекелестік бар. Сондықтан бұл матч нағыз қызу болатынына ешкім күмән келтірмеді және жанкүйерлер тара­пы­нан үлкен қызығушылық тудыр­ды. Бір сөзбен айтқанда финалға лайық ойын.
Бапкер Пеп Гвардиола басқаратын Манчестер Сити – техникасы жоғары, стратегиялық ойы мен ұжымшылдығы жоғары команда. Реал Мадрид өзінің тәжірибелі тәлімгері Карло Анче­лот­тидің жетекшілігімен бай тарихы, мол тәжірибесі және аты аңызға айналған ойыншылары бар команданы бойына сіңірді. Осындай екі түрлі футбол философиясының дуэлін тамашалау кімге болсын қызықты болды.
Сөйтіп бірінші ойын Сантьяго Берно­беу стадионында өтті. Матч­тың алғашқы минутынан бастап ағылшындық қо­нақ­тар ойын тізгінін өз қолына алып, тоқтаусыз шабуылдарын Реал Мад­рид қақпасына жиілетті. Королдік клуб­тың қақпасын торуылдаған Тибо Куртуаның жұмысы өте қиын еді. Десе де қарымта шабуылды өте жақ­сы орындайтын мадридтық клуб сон­­дай бір сәтті өз пайдасына тағы ше­шіп кетті. Ойынның 36 минутында Вини­сиус Жуниор қарсыластың қақпасына алғашқы голды соқты. Ал екінші тайм­ның ортасында Манчестер Сити сапы­нан Гюндаган жеткізген допты ұтым­ды пайдаланған Кевин Де Брюйне таразы басын теңестірді. Матч көптің бол­жағанындай 1:1 есебімен тең аяқталды.

«Англиядағы ойында жанкүйерлерді не күтіп тұр?» деген сұрақ әрқайсысының ойында болды. Дегенмен бұл туралы дөп түсіп айту өте қиын, өйткені көптеген сарапшылар алғашқы текетіресте Ман­­честер ситидің жеңісін алдын ала бол­жағанымен, Реал Мадрид британ­дық шабуылды таңғалдыруға дайын болды.
Көптен күткен қарымта ойын Этихад стадионында жалғасты. Иә, Пеп Гвар­диола баптайтын команданың азуы қатты болды. Жанкүйерлерге де бай­қалып тұрды. Қанша жыл бойы фи­налға келіп, сүрінуді әдет қылған ағылшындық команданың биылғы мүм­кін­дікті қолдан жібермейтіні анық еді.
Ойын басталды, бірақ бұл теке­тіресте ерекше ашып айтатын­дай еш­теңе болмады. Өйткені ойын 90 ми­нут бойы алаң иелерінің бақы­ла­уын­да болды. Ойынның 23 және 39 минут­тарында Бернарду Силва ис­пан­дық клуб қақ­пасына қатарынан 2 гол тоғытса, ал 76 минутта Эдер Милитао өз қақпасына гол соғып алды. Ойынның аяқталуына 1 минут уақыт қалғанда әлем чемпионы Хулиан Алварес Тибо Куртуа қақпасынан саңлау тауып, матч нүктесін қойды. Осылайша Манчестер сити футболшылары корольдік клубты кәріқұрлық чемпионы атағынан бір­жолата айырды.
Айта кетейік, Чемпиондар ли­га­сы­ның биылғы финалы 10 мау­сым күні Стамбулдағы Ататүрік ста­дио­нын­да өтеді. Кәріқұрлық чем­пио­нын анық­тайтын ақтық ойында ағыл­шын­ның Манчестер Сити клубы мен ита­льялық Интер клубтары Чемпион­дар лига­сы­ның кубогын сарапқа салады.

Жандос Махмұтұлы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: