Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

17°C

, Сейсенбі, 07 мамыр, 04:12

Чемпиондар мекеніне айналған ауылдағы спорт кешені

08.01.2024

275

0

Бүгін ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен келді.

Іс сапар барысында Бұқарбай батыр ауылдық округінде орналасқан «Байтабын» спорт кешенінің жұмыс барысымен танысты.

Бұқарбай батыр ауылдық округінде орналасқан «Байтабын» ЖШС-нің демеушілігі арқылы салынған спорт кешені 2021 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі таңда спорт кешенінде еркін күрес үйірмесіне 5 топта 90 бала қатысады.

Ауыл балаларының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға арналған нысанда жыл санап чемпиондар саны артып келеді. 2022 жылы оқушылар арасындағы 70 елден 4000 оқушы бақ сынаған дүниежүзілік гимназиадада №33 орта мектептің 11-сынып оқушысы Нұрдәулет Маратұлы чемпион атанды.

2023 жылы 9 бала облыстық деңгейде чемпион атанып, респубикалық жарыста 1 бала күміс жүлдегер, 1 бала қола жүлдегері атанды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: