Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Сенбі, 27 сәуiр, 14:29

Депутат: Букмекерлік кеңсені
жарнамалауға тыйым бола ма?

21.03.2024

242

0

Мәжіліс қатарына жақында қосылған депутат Нұрсұлтан Байтілесов партияластарымен бірге лудоманияға қарсы күрес мәселесін тағы көтерді. Депутат 25 жасқа толмаған азаматтарды құмар ойыннан шектеуді ұсынып, Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың атына сауал жолдады.

Ол қоғамдық кеселге айналған лудомания мен синтетикалық есірткінің ел шырқын бұзып жатқанын айта келе, заң жобасына өзгеріс енгізу бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Сөзінше, Заң жобасында құмар ойын ойнайтындарды 25 жасқа дейін шектеуді, шетелдік ұйымдастырушылардың заңсыз қызметінде қаржы операцияларына тыйым салуды, бұқаралық ақпарат құралдарында букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасына тыйым салуды және тағы басқа түзетулер енгізуді жоспарлаған. Қазір лотоматик пен басқа лотерея терминалдары OLX және басқа маркетплейстерде еркін сатылып жатыр. Осы аппараттарды сатып алып, тұрғын үйлердің астындағы дүкендерде заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастырып, сотталып жатқан азаматтар да баршылық екен.
Ол өзекті мәселемен күресу жолында тек жаза қолданып қана қоймай, оның алдын алу үшін профилактикалық шараларды жиі өткізу маңызды екенін ескертті. Одан бөлек тағы бір алаңдатарлық мәселе ретінде есірткі өндірісі мен саудасын атады.
– Өткен жылдың өзінде елімізде есірткіге қатысты 7,5 мыңнан астам қылмыстық іс тіркеліп, заңсыз айналымнан 41 тонна есірткі алыныпты. Бұл – дабыл қағарлық жағдай. Қазіргі уақытта есірткі бизнесінің жаңа көріністеріне қарсы күресті күшейту үшін Мәжіліс прекурсорлардың, есірткі жасау үшін пайдаланылатын өзге де заттар мен жабдықтардың елдегі заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті қатаңдатуды көздейтін заң жобасын қабылдауға дайын екенін мәлімдейміз, – деді Мәжіліс депутаты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: